Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Мамыр 12 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Шырайлы Шымкент

Жаңалықтар таспасы

Негізгі бет
Үкіметтің іс-қимылын Халықаралық валюта қоры бағалады
04.05.2008 г.

    «Сырт көз сыншы», деген жақсы сөз бар. Бұл нені білдіреді? Мына заманның көзқарасы тұрғысынан алсақ, ол атқарған әрбір ісіңнің нәтижесін өзің бағалағаннан гөрі, оған өзгенің пікір білдіргені әлдеқайда құнды екендігін аңғартса керек.
     Жоғарыда «мына заман», деген сөз тіркесін жайдан-жай айтып отырған жоқпыз. Баршамызға белгілі, былтыр басталған әлемдік қаржы нарығы мен азық-түлік нарығындағы дағдарыстың салқыны әлі күнге дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттерді алаңдатып отыр. Бұл үдеріс бізді де айналып өткен жоқ. Осы қауіптерге тойтарыс беруде, яғни еліміздің қаржы секторының тұрақтылығын сақтап, бәсекеге қабілеттілігін

Жалғасы...
 
Түптің түбінде біздің нағыз жаңа жылымыз Наурыз мейрамы болуы тиіс. Астанада Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаған кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты
25.03.2008 г.
    Тарихы тереңде жатқан Наурыз мерекесі қазақ жерінде әрқашан тойланғанын, алайда, бір замандарда халқымыз оны жоғалтып алғандығына тоқталған Н. Назарбаев: «Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін төл мерекемізді біз қайтадан жаңғырттық. Бұл мереке әруақытта халқымызда іргесі сөгілмеген бірліктің, еңселі ерліктің, ырыс пен бақ-берекенің мерекесі болып саналатын. Қыстан, қиыннан шыққан халқымыз бір-бірімен қауышып, төс түйістіріп, ағайынның аманшылығын біліп, өткенге салауат айтып, келешектен бақыт тілеп, Наурыз көже ішетін болған. Бұл күні ұрысқан ағайын табысатын, ренжісіп қалған жастар қайтадан табысып, махаббаттарын арттырып, бас қосатын, барлық жаманшылық ұмытылатын, жақсылыққа қарай бет бұратын кез болған. Түбінде біздің нағыз жаңа жылымыз осы Наурыз мейрамы болуы қажет», деді.
Жалғасы...
 
Үкімет Қазақстанның оңтүстігінде Көксарай су реттегіші құрылысын салу жөнінде шешім қабылдады
18.03.2008 г.
    Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің бүгінгі отырысында Оңтүстік Қазақстан облысында Көксарай су реттегіші құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалғасы...
 
Министр Оңтүстік Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен нысандардың нақты саны туралы мәлімет берді
18.03.2008 г.

     Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарынан зардап шеккен және қираған әлеуметтік маңыздағы нысандардың нақты саны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалғасы...
 
«Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ақмола облысын көкөніс-жемістермен қамтамасыз ететін болады
17.03.2008 г.

    Шымкентте Ақмола облысы мен «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің кездесуі өтті.

    Шымкенттегі кездесудің мақсаты - Ақмола облысын еліміздің оңтүстік аймағынан ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің тетігін талдап жасау, «Щучинск-Бурабай демалыс аумағын дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мәселесі болды. Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі Болат Ақанов пен «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Ебниевтің кездесуінде осы мәселелер талқыланды.

Жалғасы...
 
Елбасы Сырдариядағы су тасқынының жағдайымен танысты
14.03.2008 г.
      Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Елбасына Қазақстанның оңтүстігіндегі су тасқынының жағдайы туралы, сондай-ақ аталмыш министрліктегі қайта құрылымдау жұмыстарының барысы жайлы баяндады.
В.Божко Сырдарияның орта және төменгі ағысында ТЖМ күштерінің Қызылорда облысы ұйымдарымен бірлесе отырып ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті.
      Сонымен қатар ТЖМ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекендердің суға бату салдарын жою шаралары жайлы хабардар етті.
Жалғасы...
 
Су тасқыны салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысында 13002 адам баспанасыз қалды – Төтенше жағдайлар министрлігі
11.03.2008 г.
         Наурыздың 10-ындағы жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы, Арыс, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласын қосып есептегенде су тасқынында қалған елді-мекендердің саны 51-ге жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.
Жалғасы...
 
БҰҰ сарапшылары Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуде күш-жігерді біріктіру қажеттігін айтуда
11.03.2008 г.
        БҰҰ сарапшылары Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін орын алған, шығыны кейбір бағалаулар бойынша шамамен 130 миллион АҚШ доллары болған төтенше жағдайға пікірлерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалғасы...
 
Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде
11.03.2008 г.
        Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Шымкентке келді. Ол ұлттық мәдениет орталықтарының, жастар ұйымдарының, құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, Е.Тоғжанов Сарыағаш ауданында болып, тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізеді.
        Сапар бағдарламасы бойынша, ол кіші ассамблеяның ғана емес, сонымен бірге су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету жұмыстарымен танысады. Еске сала кетейік, ақпанда ОҚО-ның 50-ге жуық ауылын су басып, мыңдаған адамдар баспанасыз қалды
Жалғасы...
 
Информационный бюллетень по ЧС ЮКО о паводковой обстановке в районах Южно-Казахстанской области по состоянию на 08.00 6 марта 2008 г.
06.03.2008 г.
В Сарыагашском районе: В с. Кызыласкер находятся на дежурстве 5 человек и 1 пожарная автоцистерна ОП № 19. Личный состав ГУ «ОСО г.Шымкента» 11 чел. и 1 ед. техники оказывают помощь по развертыванию палаток для пострадавшего населения и других работ.
Для пострадавшего населения в районе развернуты городки временного проживания из 245 вагончиков, юрт и палаток: 1 городок в н/п Лесбек батыр и 2 городка в н/п Г.Муратбаева. Осуществляются работы по обеспечению их электроэнергией.
Жалғасы...
 
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы және Арыс аудандарында орын алған су басу оқиғалары жөніндегі ақпарат 2008 жылғы 28 ақпан сағат 20.00-ге берілген АҚПАРАТТЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ
29.02.2008 г.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовті қабылдады. Әкім Президентті Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған табиғаттың тосын жағдайлары салдарынан 48 елдімекен зардап шеккені жөнінде хабардар етті. 2 мың тұрғын үйді, 7 мектепті су басып, 13 мың адам баспанасыз қалды. Апат шығындарының толық көлемін таяу күндері облыста болған Үкіметтік комиссия анықтайды. Қазіргі кезде барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде, ыстық тамақпен қамсыздандырылып, ауыз су жеткізілуде. Баспанасыз қалған тұрғындар уақытша шатырлар мен шағын вагондарға орналастырылды.
Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 21 ішінен 96

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?

Мемлекеттік рәміздер

     
Оңтүстік Қазақстан облысының сайты. Мағлұматтар тек автордың рұқсатымен жария етіледі. Әзірлеген РЦСЭИ студиясы. ontustik@mail.ru